Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының 2025/26 жылдардағы маусымында Мадридтің «Реалы» мынадай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қақпашылар – Тибо Куртуа (Бельгия), Андрей Лунин (Украина), Фран Гонсалес (Испания), Хавьер Наварро (Испания).
Қорғаушылар – Дани Карвахаль (Испания), Эдер Милитао (Бразилия), Давид Алаба (Аустрия), Трент Александер-Арнольд (Англия), Рауль Асенсио (Испания), Альваро Каррерас (Испания), Фран Гарсия (Испания), Антонио Рюдигер (Германия), Ферлан Менди (Франция), Дин Хейсен (Испания), Диего Агудо (Испания), Хесус Фортеа (Испания), Давид Хименес (Испания), Хоан Мартинес (Испания).
Жартылай қорғаушылар – Джуд Беллингем (Англия), Эдуардо Камавинга (Франция), Федерико Вальверде (Уругвай), Орельен Чуамени (Франция), Арда Гюлер (Түркия), Дани Себальос (Испания), Хорхе Сестеро (Испания), Поль Фортунь (Испания), Мануэль Анхель (Испания), Сесар Паласиос (Испания), Кристиан Переса (Испания), Уго де Льянос (Испания).
Шабуылшылар – Винисиус Жуниор (Бразилия), Энрик (Бразилия), Килиан Мбаппе (Франция), Родриго (Бразилия), Гонсало (Испания), Браим Диас (Марокко), Франко Мастантонюо (Аргентина), Даниэль Янъес (Испания).
Естеріңізге сала кетейік, корольдік клуб Алматының «Қайраты», Бельгияның «Брюггесі», Грекияның «Олимпиакосы», Кипрдің «Пафосы», Италияның «Интері», Англияның «Арсеналы», Португалияның «Спортингі» және Данияның «Копенгагенімен» бір топқа түсті. Ал «Қайрат» пен «Реал» арасындағы кездесу 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.