Вагондардың бірі басқаруды жоғалтып, қатты екпінмен ғимаратқа соғылды.
Оқиға 2 қыркүйек күні кешке жергілікті уақыт бойынша 18:05-те болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Соңғы мәліметтер бойынша, 15 адам қаза тауып, тағы 18 адам жарақат алған. Зардап шеккендердің үшеуі ауруханада ауыр халде жатыр", – деп хабарлайды CNN Portugal.
Оқиға 2 қыркүйек күні кешке жергілікті уақыт бойынша 18:05-те болған. Вагондардың бірі басқаруды жоғалтып, қатты екпінмен ғимаратқа соғылды. Екінші вагон рельсте қалды. Оқиға куәгерлерінің хабарлауынша, жолаушылар қорқып, өзін құтқармақ болып терезеден секіріп кеткен.
"Бұл трагедия, Лиссабон аза тұтуда. Мұндай жағдай бұрын-соңды біздің қалада болмаған", – деді мэр Карлос Муедас.
Португалия президенті Марсело Ребело де Соуса қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты. "Обсервадор" газетінде жарияланған өрт сөндірушілердің айтуынша, апатқа фуникуляр құрылымының сымының үзілуі себеп болған. Соңғы жөндеу жұмыстары 2024 жылдың қыркүйегінде жүргізілді.
Глория фуникуляры — Лиссабонның визиттік карталарының бірі. Ол 1885 жылы ашылды және 1915 жылы толығымен электрлендірілген. 2002 жылдан бастап ол Португалия ұлттық ескерткіші болып саналады. Ұзындығы 265 метрлік бағыт қала орталығын Баирро Альто ауданымен байланыстырады, жолдың еңісі 17% жетеді. Бұл бірінші оқиға емес: 2018 жылы фуникулер рельстен шығып кеткен, бірақ ешкім зардап шеккен жоқ.