Абай облысы Үржар ауданы Бестерек ауылында көлік қаққан 3 бала әлі ауруханада жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2 бала Астана қалалық №2 балалар ауруханасына жатқызылған.

– 9 жастағы қызға барлық қажетті емдеу-диагностикалық шаралар жүргізілді. Қазіргі жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Шағымы жоқ. Ертең ауруханадан шығаруға дайындалып жатыр, – делінген ақпаратта.

7 жастағы ұлдың да жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Ол да 4 қыркүйекте медициналық мекемеден шығарылады.

– Ал 10 жастағы қыз "Семей медициналық университеті" КЕАҚ-ның реанимация бөліміне госпитализацияланған. Бала жағдайы аса ауыр, комада жатыр. Қажетті емдеу-диагностикалық шаралар жүргізіліп жатыр, – делінген мәліметте.