"Қарасора" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында патрульдік полиция батальоны мен есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Орал қаласындағы саябақтардың бірінде 21 жастағы елорда тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеке тінту барысында одан ерекше иісі бар ақ ұнтақ салынған 7 zip-пакет, қара-қызыл түсті 6 капсула салынған пакет және ашық түсті 4 таблеткасы бар пластик контейнер анықталып, тәркіленді.

"Күдікті уақытша тұрып жатқан жалдамалы пәтеріне жүргізілген тінту кезінде полицейлер дәл осындай заттар салынған тағы 85 zip-пакетті тапты. Барлық айғақ заттар заңға сәйкес тәркіленді. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде", делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін Алматыда көшеде бір ер адам өзін өртемек болғаны, оны Жедел әрекет ету арнайы жасағының (ЖАӘЖ) қызметкері құтқарып қалғанын жазғанбыз.