Қазақстанға Таиландтан жаңа әуе компанияның рейстері қатынай бастайды. Бұл туралы 2025 жылы 3 қыркүйекте ҚР Азаматтық авиация комитеті ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Таиланд корольдігінің "Thai Air Asia X" лоукестері Қазақстан нарығына шығады.
"Тасымалдаушы Бангкок – Алматы бағыты бойынша аптасына 4 рет дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері тікелей тұрақты жолаушылар әуе рейстерін орындайды". ҚР Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі
Қазақстан мен Таиланд арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.
Бертінде Марғұлан Баймұхан Таиландтағы Қазақстанның елшісі болып тағайындалған болатын.