Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке оқ атылған қару Астанада есептен шығарылған болып шықты. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты, — деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ержан Сәденов мұндайға полицейлердің салғырттығы себеп болғанын айтты.
"Иә, өкінішке қарай, мұндай жайт болды. Біреу сатып жіберді деген емес себеп емес, (полиция қызметкерлерінің – еск.) немқұрайлы қарауы себеп болды. Қылмыстық іс қозғалды", – деді министр.