Үштөбе қаласында полиция қызметі тек құқықтық тәртіпті сақтап қана қоймай, адамдарға қиын жағдайда әрдайым қолдау көрсетуге дайын екенін дәлелдеді.
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының тұрғыны 20 жыл бұрын әпкесін жоғалтып алған.
Үміті үзілмеген тұрғын әпкесін тауып қалармын деген ниетпен Үштөбеге барған. Ол көшеде учаскелік полиция инспекторлары Айбек Қази мен Талғат Есқожановпен жолығады.
Полицейлер оның өтінішіне бірден үн қатып, іздестіру жұмыстарына көмектесуге кірісті.
Осылайша жүйелі жұмыстың арқасында тәртіп сақшылары бауырларды қауыштырды.
Әйелдің полиция қызметкерлерінің көрсеткен көмегіне алғысын білдірді.