Танымал қазақстандық әнші Төреғали Төрәлінің кенже қарындасы желіде оқырманына сүйінші жаңалығын жариялады. Белгілі болғандай, Дина Төрәлі үшінші сәбиін күтіп жүр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жұбайымен бірге Instagram желісіне жүктеген видеосында Динаның жүкті екенін аңғаруға болады.
"Алланың ең әдемі сыйы – жүрегімнің астында тағы бір жүрек соғып тұрғаны. Бақыт үш есе артты. Шүкір!", — деп жазды блогер.
Желі қолданушылары бұл жаңалықты таңдана да қуана қабылдап, жүрекжарды тілектерін қалдырған.
"Үш жылда үш бала туып, үйінде отырған жоқ. Дамып та, қыдырып та, туып та үлгеріп жатыр. Алла денсаулық берсін! Аман-есен балапанын бауырына алсын", Оң болсын", "Тіл-көзден аман болсын", " Құтты болсын, сұлу келіншек. Алла қолдап, 9 ай 9 күн көтеріп, толғағың жеңіл болып, аман-есен бауырыңа ал", — деп жазды олар желіде.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін дүниеге әкелгенін хабарлағанбыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Dina Toreali (@tattti_kyz)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз