Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу аясында ертең Уэльспен кездеседі.
Ертең Қазақстан – Уэльс матчы тек футбол мерекесі емес, жанкүйерлер үшін ерекше сәтке айналмақ. Алғашқы тайм аяқталған соң ұлттық құраманың бұрынғы ойыншылары Асхат Тағыберген мен Александр Марочкинге жанкүйерлердің көзінше шапан жабылып, ерекше қошемет көрсетіледі. Бұл – ел намысын қорғаған қос аяқдопшыға деген алғыс пен құрметтің айғағы.
Асхат өзінің соңғы матчын Солтүстік Македонияға қарсы өткізсе, Александр Лихтенштейнмен болған кездесуде құрама сапымен қоштасты. Енді олар жас буынға жол берді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы қыркүйекте екі ойын өткізеді. 4 қыркүйекте Астанада Уэльс құрамасын қабылдаса, 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгиямен кездеседі. Екі ойын да 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтеді.