Биылғы 6 айда елдегі ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 3,4-пайызға артып 2 трлн теңгеге жуықтады.
Ет өндірісі 2 пайызға, сүт өндіру көлемі 6,5 пайызға артты. Мал мен құс саны да тұрақты көбейіп жатыр. Мәселен, ірі қара – 9 миллион басқа жуықтады. Жылқы – 4,6 млн, түйе – 300 мың, құс – 48 млн-ға жетті. Ал қой басы 21 млн басқа кемігені байқалады. Оған қоса экспорттық әлеует те нығайып келеді. Биыл сиыр еті экспорты 2,5 есеге, қой еті 2,6 есеге көбейді.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
- Мұнда да несие таза 5%-бен беріледі. Қаржыландыру көлемі 50 млрд теңге. Ал биыл өңдеу кәсіпорындарының айналым қаражатын жеңілдетілген несиелеу бағытына 44 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар фермерлердің кепілге қолжетімділігі мәселесін шешу үшін несие сомасының 85%-ына дейін кепілдік беру бағдарламасы жүзеге асырылуда.