2025 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі Пекинде өткен әскери парадтан кейін жоғары мәртебелі қонақтардың қайда барғанын хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Бұған дейін Тяньаньмэнь алаңындағы әскери парадты мінберден:

  • ҚХР төрағасы Си Цзиньпин,
  • Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев,
  • Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди,
  • Ресей президенті Владимир Путин,
  • Иран президенті Масуд Пезешкиан,
  • Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын және өзге де елдердің көшбасшылары тамашалағаны хабарланған болатын.

Парадтан кейін Мемлекет басшысы мен басқа да жоғары лауазымды қонақтар Халық жиналысы үйіне барып, олардың құрметіне арналған ресми қабылдауға қатысты.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа қатысқан жоғары мәртебелі қонақтардың құрметіне ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің атынан ұйымдастырылған ресми қабылдауға қатысты", — делінген Ақорда Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен 2025 жылғы 30 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында ресми сапармен барды.