Әнші Азода тойда өнер көрсетіп тұрған кезінде соққыға жығылғанын хабарлады. Түркістан облысының полицейлері оқиғаның мән-жайын мәлім етті, деп хабарлайды KAZNUR.KZ.

Оқиға кезінде түсірілген кадрларды әнші Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Бейнежазбада той үстінде микофонмен ән айтып тұрған әйелге ер адамның қол көтергенін байқауға болады. Артынша әртістің өнерін видеоға түсіріп жатқан адам оған көмекке жүгірген, оқиғадан соң әйелдің жерде отырғанын көреміз.

Сондай-ақ әншінің желідегі парақшасында өзіне бірнеше рет соққы жасалғаны көрінетін басқа ракурстан түсірілген видео жарияланды.

Кейін Азода үндеу жариялады, онда ол 31 тамызда неке сарайындағы той кезінде бұрынғы қайынатасы шабуыл жасағанын мәлімдеді.

Ол ер адам заң бойынша жазаланады деп үміттенеді.

NUR.KZ тілшісіне облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл дерек бойынша "Ұрып-соғу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады", — деді департаменттегілер.

ПД өкілдері тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жарияланбайтынын айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ꧁༺Azoda ༻꧂ (@azoda.tolaevna)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз