Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құрметті қонақ ретінде әскери парадқа қатысу үшін Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңына барды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыста және жапон басқыншылығына қарсы күресте жеткен Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадты тамашалау үшін Тяньаньмэнь алаңына барды", — делінген Ақорда хабарламасында.
Құрметті қонақ ретінде шақырылған президент әскери парадты тамашалау мүмкіндігіне ие болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз