3 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде екпіні күшті жел, шаңды дауыл, найзағай, бұршақ және тұман күтіледі. Көп облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Астанада түнде 2 градус үсік болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда солтүстік-шығыс жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 03 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады Қостанайда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада түнде 2 градус үсік күтіледі.

Алматы облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік -батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Оралда найзағай күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодарда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі. жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Петропавлда күндіз найзағай күтіледі.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақытта 25 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда жоғары өрт қаупі сақталады.