Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Қазақстанда тамыз айында инфляция жылдық көрсеткіш бойынша 12,2%-ға жетті. Бұл өткен айдағы 11,8%-дан сәл жоғары, ал айлық өсім 1%-ды құрады (шілдеде 0,7%), деп жазады inbusiness.kz сайты.

Статистика бойынша, жылдық инфляцияға азық-түлік пен алкогольсіз сусындар ең үлкен үлес қосқан.

Одан кейінгі орындарда тұрғын үй қызметтері мен денсаулық сақтау саласы тұр.

Тамызда айлық бағалар төмендегідей өзгерді:

  • Қызмет көрсету бағасы +1,4%
  • Тауарлар (кәсіби емес) +1%
  • Азық-түлік +0,5%.

Сондай-ақ, азық-түлік емес тауарлардан тамыз айында ас үй плитасы – 6,3%-ға, тоңазытқыш 2,6%-ға арзандаған.

Зергерлік бұйымдар мен сағат – 1,6%, жеке тұтыну тауарлары 0,8% қымбаттаған.

Әуе жолаушылар көлігі қызметтеріне баға 11,3% төмендеді, ал стоматологиялық қызметтер 1% жоғарылады.

Экономистер айлық өсімнің қарқыны тұрақсыз екенін, кейбір секторларда баға қысқа мерзімде айтарлықтай өзгермелі болуы мүмкін екенін ескертеді.