Оқиға туралы мәліметтер Әкімшілік полиция басқармасына жолданды.
Қазақстандық JET компаниясы Алматыда орын алған жаяу жүргіншілерге соқтығыс оқиғасына байланысты тиісті шаралар қабылдады. Электросамокатпен жүрген кикшеринг-сервисінің қолданушысы бала арбасы бар жаяу жүргіншілерге соғылып, анықталып, айыппұл салынды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Оқиға 2025 жылғы 31 тамыз күні кешке Алматы қаласының Торайғыров пен Мұстафин көшелерінің қиылысында орын алған. Екі жас жігіт электросамокатпен жүріп, бала арбасы бар жаяу жүргіншілерді қағып кеткен. Арбада бала болған.
Оқи отырыңыз: Алматыда самокатқа мінген жасөспірімдер сәби арбасын қағып кетті
"Электросамокаттың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы біз үшін өте өкінішті. Біз жол жүру ережелерін бұзуды және жолдағы жауапсыз әрекеттерді қатаң айыптаймыз. Қолданушылардың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Біз полициядан келіп түскен ақпараттарға дереу әрекет етіп, ережені бұзған қолданушыларды жазалап отырамыз. Барлық клиенттерімізді жол ережелеріне жауапкершілікпен қарауға және электросамокаттың көлік құралы екенін ұмытпауға шақырамыз. Жаяу жүргіншілерге жақындаған кезде жылдамдықты барынша азайту қажет", – деді JET компаниясының бас директоры Мусалав Алибеков.
JET компаниясы самокатты жалға алу уақыты мен орнын және қолданушының аккаунтын анықтады. Нәтижесінде, қолданушыға 10 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, аккаунты бұғатталды. Сонымен қатар, оқиға туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында қарау үшін Әкімшілік полиция басқармасына берілді.
Оқи отырыңыз:
Jet сағатына 80 шақырымға жуық жылдамдықпен жүрген электр самокатшыларға қатысты мәлімдеме жасады