Бас көлік прокуратурасы Қытайдан Қазақстанға жалған құжаттар арқылы жүк көліктерін заңсыз әкелу арнасын анықтады, деп хабарлайды құзырлы органға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қадағалау органы жүргізген талдау барысында елімізге Қытай Халық Республикасында өндірілген құны 150 млн теңгеден асатын, экологиялық талаптарға сай келмейтін жүк көліктерін жалған құжаттар арқылы заңсыз әкелу арнасы анықталды.

Қылмыстық істі Бас көлік прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тергеп жатыр, кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде", — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз