Қазақстанда проблемалық несие алғандардың саны күрт көбейіп отыр. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, тек банктердің өзінде 500 мыңға жуық қазақстандық қарызын төлей алмай жүр. Бұған қоса, микрокредиттік ұйымдарда шамамен 350 мың борышкердің жағдайы қиын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әбілқасымова кейбір қарыз алушыларға жеңілдік қарастырылғанын атап өтті.

– «Неге жаңа ережелерді қабылдадық? Өйткені бізде белгілі бір санаттағы азаматтар бар. Олар проблемалық қарызға батқан. Соларға қаржы ұйымдары қарыз берерде немесе негізгі қарызды азайтып, немесе пайыздық мөлшерлемесін төмендетіп көмектесіп жатыр», – деді агенттік басшысы.

Бұл мәлімет қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды. Себебі, елде несие жүктемесін көтере алмай жүргендердің саны жылдан-жылға артып келеді.