2025 жылғы 25 тамыздағы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен, су жабдықтау және су бұру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі салалық орталық бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Су жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі салалық орталық ретінде "Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы" акционерлік қоғамын белгілеу", – делінген құжатта.
Бұйрық 2025 жылғы 9 қыркүйектен бастап күшіне енеді.