Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов валюта нарығында теңге мен доллар бағамы жайында түісінік берді
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысының алдында тілшілер Ұлттық банк басшысына: «Жыл соңына дейін 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 1 мың теңгеге жете ме?» — деген сұрақ қойды.
-Олай болуы мүмкін емес… Бізде сыртқы сауда теңгерімі, төлем балансы, ішкі инвестициялық мүмкіндіктер мен экономиканың дамуы тұрғысынан бәрі тұрақты, — деді Т. Сүлейменов.
Осы орайда бағам бойынша елеулі өзгерістер болмайтынын атап өтті.
Айта кетейік, 2 қыркүйекке арналған доллар, еуро және рубль бағамын жазған едік.
Астанадағы айырбастау пункттерінде:
- доллар: сатып алу – 535,03 теңге, сату – 540,03 теңге;
- еуро: сатып алу – 622,00 теңге, сату – 632,00 теңге;
- рубль: сатып алу – 6,60 теңге, сату – 6,70 теңге.