Сондай-ақ, тағы 5 адам жарақат алды.
Солтүстік Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар "Челябі-Новосібір" автожолында ірі жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Куәгерлер әлеуметтік желіде болған жайттың бейнежазбасын жариялады.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 1 қыркүйек күні, сағат 13:25 шамасында, "Челябі-Новосібір" автожолының 505 шақырымында болған. Қызылжар ауданының аумағында Chevrolet, Mazda және Lexus автокөліктері соқтығысқан.
Салдарынан екі адам сол жерде мерт болып, бесеуі түрлі жарақат алды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданбақ.
Полиция департаменті көлік жүргізушілеріне жолда абай болу қажеттігін, жылдамдықты, асырмай, қауіпті маневр жасамау керектігін ескертеді.