Агенттік қылмыстық кодекстің әртүрлі баптары бойынша 29 істі сотқа жіберді.
Биыл тамызда Ұлттық қауіпсіздік қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 51 қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
ҰҚК мәліметінше, 2025 жылғы тамыз айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 51 құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде пара алу – 17, пара беру – 18, делдалдық – үш дерек. Сонымен қатар лауазымдық өкілеттікті теріс пайдалану, алаяқтық, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу сияқты фактілер де бар.
Агенттік қылмыстық кодекстің әртүрлі баптары бойынша 29 істі сотқа жіберді. Олардың ішінде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену, алаяқтық, пара алу және пара беру фактілері басым.
Тамыз айында сыбайлас жемқорлық фактілері жөнінде хабарлаған екі азаматқа 730 мың теңге көлемінде сыйақы төленді. ҰҚК бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатқанын атап өтті.
Оқи отырыңыз: Астанада заңсыз такси жүргізген шетел азаматы ұсталды