Валюта нарығында жағдай қалыпты .
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов валюта бағамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, доллар бағамы 1000 теңгеге дейін бармайды. Тимур Сүлейменов бұл мүмкін емес деп отыр.
"Төлем балансы, экономиканың ішкі мүмкіндіктері тұрғысынан бізде бәрі де тұрақты", – деді ол тілшілердің сауалына берген жауабында.
Айта кету керек, бұған дейін қазақстандықтардың рубльге деген сұранысы азайын жатқанын жазғанбыз.