Ирландиялық қайырымдылық мекемесінің қызметкері және тағы жеті адам Гаитиде тұтқыннан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Guardian басылымының мәліметінше, 32 жастағы Джена Херати Порт-о-Пренс қаласына жақын орналасқан Кенскофф коммунасындағы "Біздің кішкентай бауырларымыз бен қарындастарымыз" атты приютта жұмыс істейді. Ол шамамен 270 баланың әл-ауқатына жауапты. 3 тамыз күні ол және жеті гаитиялық, оның ішінде үш жасар бала да бар, қарулы топ тарапынан ұрланған.
The humanitarian organization Nos Petits Frères et Sœurs (Our Little Brothers and Sisters or NPH, by its Spanish acronym), confirmed the release of the eight hostages. https://t.co/7lGQlw82TR
— Catholic News Agency (@cnalive) September 1, 2025
Қылмыскерлердің нақты мақсаты көрсетілмегенімен, Ирландияның Сыртқы істер министрлігі Гаитиде қылмыстық топтар үкіметке қарсы әрекет жасап, ел астанасын іс жүзінде бақылауға алғанын атап өтті. Мұндай жағдайда тұтқындарды үкіметке қысым жасау үшін қолдануы мүмкін.
"Бұл, Херати отбасы үшін аса ауыр әрі қорқынышты жағдай болды. Мен олардың төзімділігі мен қиын кезеңде Джена мен басқа тұтқындарға көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтамын", – деді Ирландия премьер-министрінің орынбасары Саймон Харрис.
Ол барлық құтқарылған азаматтардың қауіпсіз жерде екенін атап өтті.
Бұған дейін Ресейлік дәрігерлердің жаңа туған шақалақтарды Қытайға сатып келгенін жазғанбыз.