Этнодизайнер, суретші, зергер Алмас Мұстафа Құдай туралы пікір білдірді.

Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Мен үшін Құдай — табиғат. Біз табиғаттан шықтық, табиғатқа қайтамыз. Жазылған кітаптардың біріне де шек келтірмеймін. Біз қысқа ғана өмір сүреміз. Пайдаланып жүргенімінің барлығы табиғи. Жасап жатқанымыздың бәрі де табиғи. Күміспен жұмыс істесең де, күміс те табиғаттан алынатын нәрсе. Табиғаттан алынып, табиғатқа қайтады. Ішкен асың да сондай. Таза су болмаса, ауа болмаса өмір сүре алмайсың. Табиғаттың балансын бұзсақ, Құдайға қарсы шығу болып есептелінеді. Адамзат өмір сүру барысында табиғаттан қорыққаннан Құдай деген түсінікке келді. Құдайды неше түрлі қылып жасап алды. Вальтердің «Бір ақымақпен, бір қу кездескен кезде Құдай пайда болды» дейді. Қазақстан — менің мешітім. Мен осындағы барлық жерді үйім деп есептеймін», — деді зергер.