Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі болып Данияр Қырықбаев тағайындалды, деп хабарлайды мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен, Президент әкімшілігі мен қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Алатау ауданының әкімі болып Данияр Қырықбаев тағайындалды", — делінген хабарламада.
Данияр Батанұлы Қырықбаев 1986 жылдың 29 сәуірінде Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін және Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы банк секторында бастаған. Әр жылдары "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында, Бас прокуратурада, парламент сенаты аппаратында және Жоғарғы сотта қызмет еткен. Сондай-ақ Алматы қаласы бойынша соттар әкімшісінің басшысы болған.
2019-2021 жылдары "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Алматы қалалық филиалының директоры қызметін атқарды.
2021 жылдан бері Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасын басқарды.
2024 жылдың сәуірінен бастап Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз