Александр Бублик US Open турнирінде әлемнің бірінші ракеткасынан бар болғаны үш гейм ғана алды.
Қазақстандық теннисші 1/8 финалда италиялық Янник Синнерден 1:6, 1:6, 1:6 есебімен ұтылды.
Осылайша Бублик 11 матчтық жеңіс сериясын үзді. Нью-Йоркте отандасымыз мансабындағы ең үздік нәтижесін көрсетті. Бұған дейін қазақстандық теннисші үшінші айналымнан әріге өткен емес. Дүйсенбі күні Александр әлемдік рейтингте 19-шы орынға көтеріледі.
Бублик US Open негізгі кезеңінде қалған соңғы қазақстандық спортшы еді. Бұған дейін турнирді Елена Рыбакина, Анна Данилина және Юлия Путинцева өнер көрсеткен болатын.
Енді Бублик Кореяға аттанады. Онда Қазақстан құрамасына қосылып, Дэвис кубогында Корея құрамасына қарсы матчқа қатысады.