Мемлекет басшысы Ауғанстан басшылығына елдегі жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан басшылығына аталған елде орын алған зілзала салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты қайғырып көңіл айтты", — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ауғанстанда күші 6 балдық жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 622 адам қаза тауып, 1300-ден астам адам жарақат алғанын жазған едік.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, жер сілкінісі Пәкістанмен шекараға жақын жерде жергілікті уақыт бойынша шамамен түн ортасында болған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз