Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі жазды.
Алматы облысында тауда турист әйел зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құтқару қызметіне Алматы облысындағы Іле Алатауы тауларында Советов шыңынан түсу кезінде туристің аяғынан жарақат алғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жіберілген топ бір сағат ішінде Гераниево алаңында зардап шеккен адамды тапты. Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел медициналық жәрдем бригадасы күтіп тұрған таудың етегіне түсірді.
ТЖМ жақсы дайындықсыз тауға шығуға болмайтынын ескертеді.