Ақпаратты әуе компаниясы растады.

Air Astana әуе компаниясының Алматыдан Ақтауға ұшқан ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға 31 тамыз күні болған.

Компанияның ресми ақпаратына сәйкес, Алматы-Ақтау бағытындағы КС 859 рейсінің экипажы Ақтауға жақындаған кезде техникалық ақау туралы хабар берді.

– Нұсқаулыққа сәйкес бірінші болып қонуға рұқсат сұрады. Кейін ол Ақтау әуежайына аман-есен қонды, – деп хабарлады Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда ұшақта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ рейстің жолаушылары басқа әуе кемесіне ауыстырылған.