"Қайрат" футбол клубы алдағы УЕФА Чемпиондар лигасы ойындарына билет сату жөнінде ресми мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Клубта әлеуметтік желілерде тараған "Қайрат" – "Реал Мадрид" ойынына билет сату немесе брондау туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

"Билетке қатысты жалғыз ресми дереккөздер — клубтың ресми сайты мен «Қайрат» ФК-ның әлеуметтік желідегі ресми парақшалары", — делінген мәлімдемеде.

Клуб өкілдері қазіргі таңда билеттің сатылымға шығу күні мен бағасы бекітілмеген ескертті.

Қазақстандықтарға бейресми хабарламаларға сенбеуді және билеттерді ресми емес арналар арқылы сатып алмауды қатаң ескертеді.