Қазақстанда студенттердің стипендиясы 2020 жылдан бері екі есеге өскен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2020 жылмен салыстырғанда шәкіртақы мөлшері едәуір өскен. 1 қыркүйектен бастап студенттер мына көлемде стипендия алады:

бакалавр – 52 372 теңге,

педагогикалық мамандық студенттері – 84 000 теңге,

магистранттар – 117 098 теңге,

докторанттар – 262 500 теңге.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget