Instagram желісінде ерекше кадр пайда болды: Renault маркалы автокөлік Кіші Алматы өзенінің арнасында тұрып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Суреттерден көліктің артқы бөлігі суға батып, алдыңғы бөлігі жағалауда тұрғанын көруге болады.

Автордың айтуынша, оқиға Алматыдағы ескі Тереңқұрдан төменірек жерде болған. Пікірлерде желі қолданушылары көліктің өзенге қалай тап болғанын болжауға тырысқан.

Zakon.kz жолдаған ресми сауалға Алматы полиция департаменті түсінік берді.

Көліктік қызметтің кезекші бөлімі хабарлағандай, бұл жол-көлік оқиғасы Алматының

Медеу ауданында болған. Renault жүргізушісі көлік ішінде болмаған және оның өздігінен қозғалып кетпеуін қамтамасыз ететін шаралар қабылдамаған.

Салдарынан көлік Коперник көшесі бойымен солтүстік бағытта төмен қарай сырғып, Кіші Алматы өзенінің қоршауына соғылған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Қазір оқиғаны Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексеріп жатыр.