Несиенің қай түріне сұраныс артты? Қазақстанда шілде айында бөлшек кредит беру көлемі 1,6 трлн теңгеге жетті. Кепілсіз тұтынушылық несие маусым айымен салыстырғанда 2 пайызға төмендеген. 26 трлн теңге. Ал ипотека беру көлемі керісінше 13,4 пайызға артқан. 12 мың 500 адам 241 млрд теңге көлемінде қарыз алған. Автонесиеге де сұраныс артып жатыр. Шілдеде 26 мыңға жуық адам — 261 млрд теңге көлемінде автонесие алған. Сонымен қатар кәсіпорындарға 1,9 трлн теңге кредит берілген. Бірақ бұл көрсеткіш қаңтармен салыстырғанда 3 пайызға төмендеген.

Раушан Сайлауқызы