Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2025 жылғы 28 тамызда Мәжіліс сайтында жарияланды.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын 2025 жылғы 2 қыркүйекте, сағат 11:00-де Астана қаласында шақырылсын", — делінген құжат мәтінінде.
Бұған дейін хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен 2025 жылғы 30 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында Қытайға ресми сапармен барады.
Кейін, 8 қыркүйекте, Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жасайды.