Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 28 тамызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Доллардың орташа сараланған бағамы 0,16 теңгеге төмендеп, 537,76 теңге болды.

Ресей рублінің бағамы 6,69 теңгеге дейін көтерілді (+0,01).

Таңғы саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 75,21 теңге (+0,19) болды.

Ақша айырбастау орындарында доллар 537,5-539,9 теңге, еуро – 625,5-629,5 теңге, рубль 6,59-6,71 теңгеге сатылуда.

28 тамыздағы саудада мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,73%-ға төмендеп, барреліне 67,55 долларды құрады.

West Texas Intermediate (WTI) мұнайының фьючерстері 0,80%-ға арзандап, барреліне 63,64 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 537,63 теңге, еуроны 622,52 теңге, рубльді 6,69 теңге деп белгіледі.