Метеорологтардың мәліметінше, желдің екпіні сағатына 100 шақырымға жеткен.
АҚШ-тың бірнеше штатын қамтыған құмды дауылға қазақтың киіз үйі төтеп берді. Дауыл ағаштарды, электр бағандарын құлатып, үйлердің шатырын жұлып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
АҚШ-тағы қазақстандық дауылдан киіз үй арқылы жан сауғалағанын айтты.
"Бізді соңғы онжылдықтардағы ең күшті құмды дауыл қыспаққа алды. Сағатына 80 шақырымға жеткен жел лагерьлерді ұшырып, көзге түртсе көргісіз қылды. Бұл дауыл нағыз шөл даланың мінезін көрсетті. Біз қазақтың киіз үйіне тығылдық. Бұл ең дұрыс шешім болды. Сыртта апокалипсис болып жатқанда, ішінде қауіпсіз отырдық. Дәл осы мәдениетіміздің бір бөлшегіне айналған киіз үй Американың шөл даласында қорғанымызға айналды. Алда тағы да жаңбыр мен дауыл болады дейді… Сәл қобалжып отырмыз", – деп жазды қазақстандық Сабина Омар.
Қазақстандық Сабина Омар дауыл кезінде киіз үйдің ең сенімді баспанаға айналғанын айтты.
“Құмды дауыл соққан алғашқы күн көптеген лагерьлер ұшып кетті. Сол сәтте киіз үйіміз қауіпсіз жерге айналды. Дауыл кезінде киіз үй тіккен алғашқы адам біз болды. Мен мұны мақтан тұтамын”, – деп жазды ол.
Блэк-Рок шөлінде өткен өнер фестивалінде қазақтарды құмды дауыл – хабуб басып қалды. Бірақ отандастарымыз одан аман қалды. Себебі олар дауылдан қорғану үшін киіз үй тігіп, паналаған.
Қатты дауыл көптеген фестиваль қатысушыларының лагерьлері мен арт-инсталляцияларын зақымдаған. Куәгерлердің айтуынша, құмды дауылдық ақтты соққаны сонша, маска тағып жүруге тура келген. Дауыл Американың бірнеше штатын басып өтіп, ондаған шатырлар мен ағаштарды зақымдаған. 60 мыңнан астам адам жарықсыз қалған.