УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне қатысатын барлық 36 команда анықталды. Қазақстанның "Қайрат" құрамасы төртінші себетке енді, бұл кезеңнің жеребесі 28 тамыз кешкісін өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан чемпиондарының лотереяда қалған 35 клубқа қарағанда рейтингісі төмен. Бюджет жағынан да "Қайрат" барлық командалардан артта (12,8 млн евро). Мәселен, салыстырсақ лотереядағы соңғы құрама "Пафос" 20,85 млн евроға бағаланса, қазіргі Чемпиондар лигасының жеңімпазы француздық ПСЖ 1,19 млрд евроға бағаланған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от UEFA Champions League (@championsleague)

Осылайша, барлық 36 құрама жеребе алдында келесі топтарға бөлінген:

  • Бірінші себет – "ПСЖ", "Реал", "Манчестер Сити", "Бавария", "Ливерпуль", "Интер", "Челси", "Боруссия", "Барселона".
  • Екінші себет – "Арсенал", "Байер", "Атлетико", "Бенфика", "Аталанта", "Вильярреал", "Ювентус", "Айнтрахт", "Брюгге".
  • Үшінші себет – "Тоттенхэм", "ПСВ", "Аякс", "Наполи", "Спортинг", "Олимпиакос", "Славия", "Буде-Глимт", "Марсель".
  • Төртінші себет – "Копенгаген", "Монако", "Галатасарай", "Юнион", "Карабах", "Атлетик", "Ньюкасл", "Пафос", "Қайрат".

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от UEFA Champions League (@championsleague)

Жеребе нәтижесінде Рафаэль Уразбахтин құрамасы бірінші себеттен екі командамен бір топқа түсуі мүмкін, және солардың біреуі міндетті түрде Алматыға келеді.

Бұған дейін УЕФА "Қайрат" үшін Чемпиондар лигасында жаңа үлгідегі доптар дайындағанын жазғанбыз.