Ерлан Сағынаев Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды, деп жазады Egemen .kz.
Бұл туралы министрліктің ресми сайтында хабарланды.
Ерлан Ермекұлы 1978 жылы Ақмола облысында туған. Ол Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, заң академиясын және Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы Салық комитетінде бастаған Сағынаев кейін қаржы және кірістер жүйесінде түрлі басшылық қызметтер атқарды. 2008-2021 жылдары бірнеше облыстың салық департаменттерінде басшының орынбасары болды. Кейінгі жылдары Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментін басқарды.