Оның ішінде уақ мал мен мүйізді ірі қара негізгі үлесті құрайды.

Қызылорда облысында биыл адам мен жануарға ортақ қауіпті бруцеллез ауруының алдын алу мақсатында 866,1 мың малдан қан сынамасы алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, зертханалық тексерістер нәтижесінде 42 сиыр мен 28 ұсақ малдан бруцеллез белгілері табылып, олар ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай дер кезінде сойылды.

Қазіргі таңда өңірде аса қауіпті жұқпалы аурулар тіркелген жоқ, эпизоотиялық жағдай тұрақты. Жыл соңына дейін облыстағы 1,7 миллионнан астам малдың қаны толықтай зерттеуден өтеді деп жоспарлануда.