Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Экономиканың өсуі рекордтық көрсеткішке жетті

Экономиканың өсуі рекордтық көрсеткішке жетті

Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында еліміздің экономикалық даму көрсеткіштері айтарлықтай жақсарған, деп жазады Egemen.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Президент тапсырмаларының орындалуы тұрғысында биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі соңғы жылдары 6,3%-ды құрап, рекордтық көрсеткішке жеткен.

Нақты сектордағы өсім 8,3%-ды құраса, қызметтер өндірісі 5,2%-ға артқан.

Негізгі драйверлер көрсеткіштері келесідей: көлік +22,5%, құрылыс + 18,5%, сауда +8,6%, тау-кен өнеркәсібі +8,5%, өңдеу секторы +6,1%.