Астанада қалпына келтіру жұмыстарынан кейін Кенесары ханның ескерткіші орнына қайта қойылды. Бұл туралы мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Instagram желіcіндегі парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Өткен жылы Астанада Есілдің жағасында тұрған Кенесары ханның ескерткіші жөндеу жұмыстарына байланысты орнынан алып тасталған кезде, әлеуметтік желіде біраз әңгіме болған. Қайта-қайта түсініктеме бергеніме қарамастан, кейбір азаматтар расталмаған ақпарат таратқан болатын.
"Кенесары хан ескерткіші мүлдем алып тасталды, енді орнына қойылмайды" деген секілді. Ал шын мәнінде, ескерткішке жөндеу жұмыстары қажет болды. Сондықтан орнынан алынды. Міне, бүгін жөндеу жұмыстары аяқталып, ескерткіш орнына қойылды", — деді Ерлан Қарин.