Алматыда полиция бір тәулікте бірнеше қылмысты әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматыда 26 тамыздан бастап республикалық "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.
Іс-шараның алғашқы күні-ақ полицейлер "ізін суытпай" 24 қылмыстың бетін ашты.
"Әшкереленген құқық бұзушылықтардың қатарында ұрлық пен алаяқтық, есірткі мен қаруды заңсыз сақтау, сондай-ақ мас күйінде көлік жүргізу деректері бар", — делінген хабарламада.
Сонымен бірге тәртіп сақшылары бұрын жасалған 14 қылмысты ашып, іздеуде жүрген тоғыз адамды қолға түсірді. "Нелегал" санатында есепте тұрған 13 адам да анықталды.
"Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы 28 тамызға дейін жалғасады.