Ұлттық банктің ресми бағамы — 533,87 теңге .
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,46 теңгеге қымбаттап, 537,63 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 533,87 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 537,26 теңгеден сатып алынады, 539,34 теңгеден сатылады. Еуро 622,59 — 626,80 теңге, ал рубль 6,57 — 6,68 теңге аралығында саудаланады.
Оқи отырыңыз: Ұлттық банк валюталық интервенцияға қатысты мәлімдеме жасады
Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 536,93 теңгеден сатып алынады, 539,76 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу — 622,54 теңге, сату — 627,55 теңге, ал рубль 6,60 — 6,67 теңге аралығында саудаланып жатыр.