Бұл бағытта бірлескен кәсіпорын ашылады .

Қазақстан Иордания аумағындағы уран кен орындарын игерумен айналыспақ. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры" АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нұрлан Жақыповтың сөзінше, "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясы Иорданияның JUMCO компаниясымен келісімге қол қояды.

Құжатқа сәйкес, 2026 жылдың соңына дейін "Қазатомөнеркәсіп" пен JUMCO бірлескен кәсіпорын құрмақшы. Оның ішінде "Қазатомөнеркәсіптің" үлесі 70 пайыз болса, ал иорданиялық компанияға 30 пайыз тиесілі болмақ.

"2026 жылға дейін Иорданияда уран өндіру мен байыту деңгейін анықтау үшін тәжірибелік-өндірістік және зерттеу жұмыстары жүргізіледі", – деді Нұрлан Жақыпов.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Иордания Королін қарсы алды.