Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев жолда жүру ережесін мектептерге жеке міндетті пән етіп енгізуді ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жолда балалардың апатқа жиі ұшырайтынын, кәмелетке толмағандарды жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларына үйретуге бағытталған пәндерді оқытудың қазақстандық тәжірибесін басқа елдермен салыстырып көрдік. Білім беру процесінде жол ережелерін оқыту курстарын қолдану тәсілдерінің айтарлықтай айырмашылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, бұл Қазақстан Республикасының мектептерінде жол ережелерін оқытуға бөлінген болмашы сағаттардың санына қатысты. Осыған байланысты, Ішкі істер министрлігі мектеп бағдарламаларында жол ережелері бойынша сабақтарды жеке міндетті пән ретінде енгізуді ұсынады. Өйткені оның артында балалардың өмірі тұр", – деді комитет басшысы.
Қайсар Сұлтанбаев мұндай сабақтар арқылы жолдарда балалардың бойына заңға бағынатын мінез-құлық нормаларын сіңіруге болатынын айтады.