Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Кенесары ханның ескерткіші реставрациядан өтіп, Есіл өзенінің жағасындағы бұрынғы орнына қайта орнатылды.
"Астанадағы Кенесары ханның ескерткіші жөндеу жұмыстарынан өтіп, қайта орнатылды. Қазіргі уақытта ескерткіш маңында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде", — деп жазды ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін ескерткіштің қайта жөнделетіні туралы хабарланған болатын. Жүргізілген сараптама нәтижесінде ескерткіш іргетасының қисайғаны және оның құлау қаупі бары анықталған. Осыған байланысты реставрация жұмыстары басталып, тарихи-мәдени мұраны сақтау мақсатында кешенді қалпына келтіру шаралары жүргізілді.