27 тамыз түні матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында "Селтик" клубының бас бапкері Брендан Роджерс өз командасының "Қайраттан" жеңілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бренданның айтуынша, "Қайратқа" қарсы өткен қарымта ойында командаға сәттілік жетіспеді, деп жазды sportarena.kz.

"Біздің команда үшін қорқынышты нәтиже. Ойын қиын болды. Негізгі және қосымша уақытта өз мүмкіндіктерімізді жүзеге асыра алмадық. Пенальти сериясында қарсыласымыз сәттірек болды", — деді Брендан Роджерс.

Сонымен қатар Брендан Роджерс алматылық "Қайрат" клубын Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққанымен құттықтады.