UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінде алматылық "Қайрат" шотландиялық "Селтикпен" кездесіп, негізгі кезеңге өтті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл ойында алматылықтардың бірнеше ойыншысы алаңға шықпады: көп сары қағаз алған Дастан Сәтпаев пен шабуылшы Эдмилсон қатыспады, ал жарақатынан айыққан қорғаушы Луиш Мата негізгі құрамда өнер көрсетті.
Кездесу барысында қос команда да қарқынды шабуылдады, бірақ негізгі және қосымша уақытта есеп ашылмады. Пенальти сериясында "Қайрат" жеңіске жетіп, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды.
Бұған дейін алматылықтар Словенияның "Олимпиясын" (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС-ын (0:2, 3:0) және Словакияның «Слованын» (1:0, 0:1, пенальти 4:3) жарыстан шығарған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз