26 тамызда Алматының басты спорт аренасы мен оның жанкүйерлері көптен күткен УЕФА Чемпиондар лигасының гимнін тыңдады. Әнұран «Қайрат» (Қазақстан) пен «Селтик» (Шотландия) арасындағы плей-офф кезеңіндегі матч алдында орындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еуропаның ең беделді клубтық турнирі басталар алдында дәстүрлі түрде шырқалатын бұл әйгілі әуен енді Алматыда да орындалды. Өткен ғасырда салынған қаламыздың Орталық стадионы жанкүйерлерге ерекше әсер сыйлаған бұл тарихи сәттің куәсі болды

Қазіргі уақытта «Қайрат» пен «Селтик» арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама беретін матч қызу жүріп жатыр.

Ойынға бір сағат қалғанда командалар өз құрамдарын жариялаған.

Кездесуді италиялық төрешілер бригадасы басқаруда, бас төреші – Маурицио Мариани.